«Хабар 24» дереккөздеріне сүйене отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы толғау» кітабы румын тіліне аударылып, жарыққа шықты, деп newsroom.kz хабарлайды.
Ол қазақ-румын дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына арналған мерейтой аясында таныстырылды. Түпнұсқа 2005 жылы жарияланған болатын. Кітап өткен ғасырдың 30 жылдарындағы тарихи оқиғаларды сипаттаумен басталып, Кемел Тоқаевтың балалық және жастық шағы, сондай-ақ әдебиеттегі шығармашылық жолы баяндалады.
Мигель Маури Буэндия, Ватикан елшісі, Апостол Нунций:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабының тағылымды таныстырылымы өтті. Барлық адамның тегін білуі өте маңызды. Тоқаев мырза Қазақстанның келешегін құруға үлкен үлес қосып жатыр деп ойлаймын.
Сонымен бірге Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапханада «Біртіндеп басып биікке» деген атаумен Румыния президенті кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы да көпшілік назарына ұсынылды. 200 беттік туындыда Клаус Йоханнис өз өміріндегі жарқын сәттерді, балалық, бозбалалық, студенттік кезеңді суреттеп, қызмет жолынан сыр шертеді.
Мадалина Лупу, Румынияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
– Дәл осындай іс-шаралар арадағы қарым-қатынастың дамуына, атап айтқанда рухани байланыстың нығаюына сеп болады. Бұл бірлесе атқарылған екінші іс-шара. Былтыр онлайн байланыс арқылы Нұр-Сұлтанның төрінде румын ақыны Михай Эминескуға ескерткіш қойылып, Бухарест алаңы ашылған еді. Дәл сол уақытта Бухарестте Абай ескерткіші тұрған жерден Қазақстан алаңы ашылды.
Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы:
Фото: Хабар24– Бұл енді екі елдің арасындағы бауырластықтың, екі елдің арасындағы салынып жатқан достық, басқа да экономикалық, мәдени, әдеби байланыстардың көрінісі деп мен айтар едім.