Маңғыстауда жемқорлық жайлаған салалар көшін Жер қатынастары бастап тұр

07 Қараша, 2019 54 0

Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеу басқармасының басшысы Бауыржан Баймұрза «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңындағы брифингте мәлім етті.  

Биыл сыбайлас жемқорлық бойынша өтелген шығын 1,2 млрд теңгені құраған. Жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу аясында Департамент 9 адамға 1 млн 416,4 мың теңге көлемінде сыйақы берген. 

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстың тиімділігі 2 есеге артып, пара алу мен бюджет қаражатын ұрлау сияқты сыбайлас жемқорлық схемалары орын алып, Департаментпен 6 дерек анықталған. 

- «Автожол саласында облыстың квазимемлекеттік сектордың екі басшысы яғни «КазАвтоЖол» ҰК АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры және оның орынбасары ұйымдастылған қылмыстық схеманың жолы кесілді. Атап айтқанда, орындалмаған актілерге қол қою және шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушінің мүддесін қолдау, сондай – ақ автожол құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру деректері парақорлықтың негізі болып табылды», - деді Б.Баймұрза.

Қазіргі таңда жүргізілген талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Жүргізілген талдау нәтижесінде жер қатынастары, денсаулық сақтау, құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары бойынша қылмыс жолдары кесілген.

-Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылының бұрынғы әкімі және орынбасары, сәулет құрылысы бөлімінің басшысы мемлекеттік жер телімдерін Заңсыз иелену аясында 8 қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылды. Сонымен қатар, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының бұрыңғы әкімі және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін жеке пайдасы үшін асыра пайдаланып, 180 жер телімін Заңсыз сатып, мемлекетке кеткен шығыны 1 жарым млрд. теңгені құрады. Түпқараған ауданы сотының үкімімен аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі және 369-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылды, - деді Б.Баймұрза.

Азаматтардың сенім деңгейін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу аясында Департамент 9 адамға 1 млн 416,4 мың теңге көлемінде сыйақы берді.

Сонымен қатар, Департаменттің тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Анар Маңқатаева бүгінгі таңда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтып өтті.

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша Департаментке 633 өтініш келіп түссе, өткен жылдың 9 ай қорытындысында 587 өтініш келіп түскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда азаматтардың біздің органға сенімінің артқандығы байқалады.

Агенттіктің халықпен тығыз өзара байланыс орнату мақсатында құрылған Call-орталығына (1424) 26 өтініш келіп түсіп, оның 2 бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда, барлық азаматтар 1424 нөмірі бойынша Call- орталыққа хабарласа алады және ол жөнінде құпиялық қамтамасыз етіледі.







Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.