Ресейлік журналистің Кеңес Рақышевті бопсалағаны рас па?

08 Қараша, 2019 160 0

БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде ресейлік журналист Александр Шваревтің даулы оқиғасы талқыға түсуде. Қазір Ресейде журналисті сырттай қамауға алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ондағы себеп Шваревке ақша бопсалау мен жала жабу бойынша тағылған айып, - деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі «РОСБАЛТ» басылымына сілтеме жасап.

«Росбалт» басылымның хабарлауынша, журналист Шварев олигарх Алишер Усманов туралы жалған ақпарат жариялады деп күдікке ілінген. Бұдан бөлек, ол қазақстандық беделді кәсіпкер Кеңес Рақышевтан ірі көлемде ақша бопсалаған деп айыпталуда.Тергеу нұсқасы бойынша, Росбалт тілшісі кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын бопсалаған.

Басылымның бас редакторы Николай Ульяновтың айтуынша, журналист бизнесмен Алишер Усманов пен оның серіктесі миллиардер Андрей Скочтың абыройларына нұқсан келтіруді көздеген.

Ал  Александр Шваревтің бұл дауда өзіндік нұсқасы бар. Оның айтуынша, осылай қудалануы Рочдельская көшесіндегі кісі өлімі туралы жарияланған материалдарынан кейін басталған.  

Даулы оқиғаның немен аяқталары әзірге белгісіз. Дегенмен қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев бұл іске байланысты әлі ешқандай мәлімдеме берген жоқ.

Тегтер: КеңесРақышев, журналист, әлеуметтікжелі, Ресей

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.