Жаңалықтар

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі есін жиды

Бұған дейін комаға түскені хабарланған UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі есін жиған. Дәрігерлер Абдулманап Нурмагомедовтың жағдайын бірқалыпты ауыр деп бағалап отыр.  width= Рабадановтың айтуынша, Абдулманап Нурмагомедов қазір мәскеулік әскери госпиталінде жатыр. Оған ешкімді кіргізбейді екен. Дәрігерлер жағдайды толығымен бақылап, науқастың жағдайын қадағалап отыр. Сондай-ақ, спорт комментаторының сөзінше, Абдулманап Нурмагомедов Махачкала маңындағы спорт базасының құрылыс алаңында екі апта жүріп, суық тигізіп алған. Үйге оралғанда, дәрігерлерге хабарласпаған екен. "Ағасы оған: "Бар, дәрігер шақыр", – деген. Шақырмаған. Тек денсаулығы сыр бере бастағанда ғана ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Сөйтіп, оны екінші қалалық ауруханаға апарған, онда қарқынды ем алды", – дейді Рамазан Рабаданов. Оның айтуынша, бұл жерде Нурмагомедовқа оттегі жетіспегенде көмектесетін дәрі-дәрмек берілген, бірақ бұл дәрілер басқа да ішкі ағзаға кері әсер ететін көрінеді. Сілтеме