Бұған дейін комаға түскені хабарланған UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі есін жиған. Дәрігерлер Абдулманап Нурмагомедовтың жағдайын бірқалыпты ауыр деп бағалап отыр.
Рабадановтың айтуынша, Абдулманап Нурмагомедов қазір мәскеулік әскери госпиталінде жатыр. Оған ешкімді кіргізбейді екен.
Дәрігерлер жағдайды толығымен бақылап, науқастың жағдайын қадағалап отыр. Сондай-ақ, спорт комментаторының сөзінше, Абдулманап Нурмагомедов Махачкала маңындағы спорт базасының құрылыс алаңында екі апта жүріп, суық тигізіп алған. Үйге оралғанда, дәрігерлерге хабарласпаған екен.
"Ағасы оған: "Бар, дәрігер шақыр", – деген. Шақырмаған. Тек денсаулығы сыр бере бастағанда ғана ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Сөйтіп, оны екінші қалалық ауруханаға апарған, онда қарқынды ем алды", – дейді Рамазан Рабаданов. Оның айтуынша, бұл жерде Нурмагомедовқа оттегі жетіспегенде көмектесетін дәрі-дәрмек берілген, бірақ бұл дәрілер басқа да ішкі ағзаға кері әсер ететін көрінеді.
Сілтеме