Жаңалықтар

Дариға Назарбаеваның адамгершілігі жоғары – Арман Шораев

Дариға Назарбаеваның адамгершілігі жоғары – Арман Шораев

КТК телеарнасының бұрынғы басшысы Арман Шораев Дариға Назарбаевамен байланысы және Рахат Әлиевпен болған теке-тіресі туралы айтты. «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында Шораев Дариға Назарбаеваның 2002-2003 жылдары бірнеше рет қызмет ұсынғанын айтады. Алайда бас тарттым дейді белсенді. Оған КТК телеарнасында қарапайым тілші болып қызмет еткен кезіндегі оқиға себеп болыпты.
«Облыстық телерадиокомпанияның алдында мен КТК-да істегенмін. Осы астанадағы тілшісі болдым. Ол кезде 1997 жылы КТК-ға келгенімде Гиллер Борис Абрамович деген құрылтайшысы болатын. Сол кісімен келіскенбіз. «Арман сен екі жыл істейсің. Мен саған астанадағы қызметтік пәтерді сыйлаймын» деді. Пәтерді берді, бірақ 1999 жылы КТК Рахат Әлиевке өтіп кетті. Мен Көкшетауға кетіп қалдым. Сосын финполдың Көкшетаудағы бастығы шақырып «сен пәтерді қайтаруың керек» деп айтты. Мен  «Гиллермен келіскенбіз, ол енді менің меншігіме айналуы керек» деп шықтым. Ал ол «жоқ, маған Рахат Мұқтарұлы осындай тапсырма берді. Егер босатпасаң сенің үстіңнен іс қозғаймыз деді» - дейді Шораев.
Осыдан кейін елорданың ескі үйіндегі екі бөлмелі пәтерді Шораевтар әулеті телеарнаға қайтарып беріпті. Осы оқиғадан екі жыл өткенде, Назарбаевтар отбасы Арман Шораевқа кезекті ұсыныспен шығыпты.
«Екі жылдан кейін маған әйелі Дариғаның кісілері келген кезде мен  «Айналайындар, менің ызам мол. Пәтерімді тартып алған Дариғаның күйеуі, сондықтан мен сендермен қызметтес болғым келмейді» дедім. «Бір күні маған қайтадан звондайды. Дариғаның жақсы досы, атын атамаймын. «Дариға облыстарды аралап шығайын деп жатыр. Көкшетауға келеді, қарсы аласың ба?» деп ұсыныс жасады.  Енді ханның қызы, танымасам да жарайды, қарсы алайын дедім. Бір ресторанға барып көп отырдық. Шынымен, адами қасиеттері жоғары Дариғаның. Солай мен келісімімді бердім» - деп сырын айтады Шораев.
Осы келісімнен кейін белсенді Дариға Назарбаеваның «Асар» партиясы атынан парламенттік сайлауға түсіп, екінші кезеңнен өте алмай қалады. Оның есесіне Дариға Назарбаева Шораевты Астанаға алдыртып, «Хабар» телеарнасының басшылығына тағайындап, кейін Президент әкімшілігінен қызмет берген. дейді Президент әкімшілігіндегі қызметінен кейін туған қаласына әкім болып кетіп барғалы жатқан Шораевты КТК телеарнасының директорлығына тағайындап жіберіпті.
«Бәрі айтады, Дариға КТК-ға қойды деп. Мені КТК-ға қойған Дариға емес. Ол кезде Рахат Алиев, банкирлердің мәселесі басталды. Мен Көкшетауға әкім болып бара жатқан жерімнен Мәулен Әшімбаев шақырып алып, «Арман, біз ойланып сені КТК-ға директор қылып жіберетін болдық» деді. Көкшетауыма әкім болып бара жатқанымды айтты. Мені Әділбек Жақсыбековке алып барды. Ол – Арман, «кіп-кіштентай ауылда не жоғалттың» деген сөздер айтты. Ал мен «ауыл болса да менің туып өскен жерім» деген сөздер айттым» - деп еске алады Шораев.
Оның айтуынша, сол кезде КТК-ға бармасаң Көкшетауға да бармайсың деген ультиматум болыпты. Сұхбаттың толық нұсқасы төмендегі сілтемеде. https://www.youtube.com/watch?v=8H-7u5O4j4U [embed]https://www.youtube.com/watch?v=8H-7u5O4j4U[/embed]