Семей қаласында 19 жастағы Айым есімді ару іздестірілуде. Бойжеткен 3 мамыр күні үйден шығып, қайта оралмаған. Қыздарын өздігінен таба алмаған соң туыстары полицияға хабар берген
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, қазір Айымды іздеу жұмыстарына 7-ші құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен сүңгуірлер тартылған.Сүңгуірлер жеті шақырымға жететін өзенді шарлап шыққан.
Бүгінде олар Ертіс өзенінің жағалауын аспалы көпірден бастап қарауда. Сондай-ақ құтқарушылар моторлы қайықпен барлық аралдарды тексеруде.
Айта кетейік, із-түзсіз кеткен Айымның бойы - 165 см, көзі - қоңыр, шашы - сары. Үстінде қара жемпір мен джинсы шалбар болған. Айым қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білген жандар 8 7222 569717 немесе 102 нөміріне хабарласуы қажет.
Сілтеме