Жаңалықтар

Рустам Али – “Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022” республикалық байқауының жеңімпазы

Рустам Али – “Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022” республикалық байқауының жеңімпазы

Dalanews.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Ескелді ауданының әкімі Рустам Али республикалық «Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022» байқауында жеңімпаз атанды деп жазады newsroom.kz. Жетісу облысының атынан сынға түсіп, өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін, ұшқыр ойлы, қырағы көзқарасын, ұтқыр шешім қабылдайтынын тағы да дәлелдеді. Естеріңізге саламыз, бұған дейін ол облыстық деңгейде өткен дәл осы байқауда топ жарған болатын. Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеген 57 тұлға «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінім берген. Олардың 13-і ғана өңірлік байқаудың екінші кезеңіне жолдама алып, жобаларын қорғады. Кейстік тапсырманың шешімін конкурстық комиссия мүшелері қарап, нәтижесінде ең жоғары балды Ескелді ауданының әкімі Рустам Али жинаған. «10 жыл – елге қызмет» еткендегі табан ақы, маңдай тері ақталды. Қастерлі елге, қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматқа алдағы бастамаларына толайым табыс тілейміз. Рустам Али, бұған дейін облыстық Ішкі саясат, Жастар саясаты басқармаларын басқарып, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.