ТОП-20 қазақтілді блогерлер: Қоғам пікірін әлеуметтік желілерде қалыптастыратын кімдер?
ТОП-20 қазақтілді блогерлер: Қоғам пікірін әлеуметтік желілерде қалыптастыратын кімдер?
Әлеуметтік желілер дамығалы қазақтілді блогерлердің де саны көбейіп, өзіндік аудиториясы қалыптасып келеді. Stan.kz тілшілерінің зерттеуі бойынша қазіргі таңдағы ең танымал блогерлер тізімі:
1. Серік Абас-Шах - Фейсбукте - 39 мыңға жуық оқырманы бар, Инстаграм желісінде - 209 мың.
2. Дина Елгезек - Фейсбукте - 16 729 жазылушысы бар, инстагамда - 21 мың оқырман.
3. Айгүл Орынбек Фейсбукте - 33 829 жазылушысы бар, Инстаграм желісінде - 45 700.
"Қоғамдық пікір көшбасшысы" деп жеке дара тұрған ешкімді айта алмаймын. Өз аудиториясы (жазылушылары) арасында ғана беделі бар адамдарды айтуға болады. Айгүл Орынбек, Серік Абас-шах, Дина Елгезек және тағы біраз фейсбук белсенділерін осы топқа жатқызар едім - Арман Сқабыл.
Айдос Сарым: "Мен ешкімді оқымаймын. Бұрын желіде белсенді болғанмен, қазір есімде жоқ. Желіде отырмайтындықтан блогерлер туралы ештеме айта алмамын".
4. Дәурен Қуат
5. Қасым Аманжолов - фейсбукте - 6060 адам, инстаграм желісінде - 1000 оқырманы бар.
6. Ерлан Қарин - инстаграм желісінде - 22,8 мың, фейсбукте - 1 593 адам оқиды.
7. Ермұрат Бәпи - инстаграмда - 1104 оқырманы бар.
8. Олжас Әбіл
9. Самат Нұртаза - фейсбукте - 2 688 оқырманы бар.
10. Әлия Садырбаева - фейсбукте - 15 315 оқырманы бар.
Ерлан Саиров: "Дәурен Қуат, Қасым Аманжолов, Ерлан Карин, Дина Елгезек, Ермұрат Бәпи. Бұл кісілер елдің болашағы, ішкі мәселелер, еліміздегі әділеттілік мәселесі, қазақтың рухани өмірі жайлы бағыт-бағдар бере алады, қысқа, бірақ нұсқа айтады. Қазіргі кезде ФБ-да белсенді блогер жастар бар. Олжас Әбіл бар қазақ тарихы турлы жақсы жазады. Одан кейін Самат Нұртаза, Әлия Садырбаева бүгінгі әлеуметтік мәселелер мен әділеттік прициптері туралы жазады. Содықтан бұл кіслерді оқимын, ойларымен келісемін"
11. Шалқар Нұрсейіт - фейсбукте 475 оқырманы, инстада - 464 адам
12. Мақпал Қаратаева - инстагам желісінде - 511 мың оқырман, фейсбукте - 4 618 оқырман.
Ерқанат Көпжасар: "Қазіргі кезде пікір саясатқа қатысты ірі ойлап, кесек-кесек жазатын жалғыз Шалқар Нұрсейіт деп ойлаймын. Серік Абас-Шахты тек қағытпасы үшін ғана оқимын, бірақ ол кісіні бұл тізімге кіргізе алмаймын. Журналист болған соң кімнің жазбасынан қай жақтың желі есіп тұрғанын бірден біліп қоямыз. Тіпті ФБ-дағы көп блогерлер белгілі бір топтың немесе корпорацияның сөзін сөйлейді. Мен оқитын тағы бір тұлға Досым Сәтпаев. Одан кейін психолог ретінде таныла бастаған журналист, білікті маман Мақпал Қаратаеваның жазғандары ұнайды. Өйткені ол кісі саясатқа қатысты ештеңе жазбайды, бірақ оның мотивациялық посттарын оқимын. Оның үстіне басқаларына қарағанда шыныменен де осы саланы оқып, осы салада жан-жақты зерттеп жүрген өте сауатты кісі. Сол үшін жазғандарына сенемін".
13. Перизат Мырзахмет - инстагам желісінде - 39 500 оқырман, фейсбукте - 4949 адам.
14. Динара Болат - инстагам желісінде - 60 900 оқырман, фейсбукте - 4 358 адам.
15. Сая Бақимова - инстагам желісінде - 40 600 адам, фейсбукте - 198 оқырман.
16. Өркен Кенжебек - инстагам желісінде - 101 000 оқырман, фейсбукте - 1 775 адам.
Айна Досқызы: "Перизат Мырзахмет, Динара Болат, Сая Бақимова, Өркен Кенжебек. Шынымды айтсам, қазақтілді блогерлерден осы кісілерді ғана оқимын. Жеке жеке қарастыратын болсақ. Динара мен Перизаттың ой-өрісі, ойлауы өзгеше. Көп жағдайда ойымыз бір жерден шығып жатады. Оларды мақтап айтсам, өзімді мақтаған сияқты болып қаламын. Бірақ олар тым ұлттық менталитетке тіреліп қалмаған, ашық айтады ойларын. Динараның өзі көп елдерді аралаған, екеуі де жан-жақты, білімді. Оларды оқу ойлау көкжиегін кеңейтеді. Оларды сол үшін оқимын. Ал Сая Бақимова жақсы психолог, кәсіби маман ретінде кеңестер береді. Өркен Кенжебектің кейбір пікірмен келіспесем де, оның халыққа түсіндіру өзіндік стилі бар. Оның үстіне мемлекеттік жағдайлар мен оқиғаларға бір табан жақын болғандықтан кейбір мәселелерді сол тараптан түсіндіре алады. Көп адам мемлекеттік бағдарламаларды түсінбей, сын айтқанда, ол қарапайым тілде түсіндіріп береді. Мысалы, сайлау кезінде көпшілік елдің сыртқы қарызы пәленбай миллион болып кетіпті деп даурыққанда, Өркен жақсы түсінідіріп берді. "Елдің қарызы ұнамаса, онда кредитке ештеңе алмаңдар. Өздерің машина, Iphone аласыңдар - соның бәрі сыртқа қарыз" деп жетесіне жеткізіп түсіндіреді. Сондықтан осы кісілердің пікірін оқимын және оқуға кеңес беремін"
17. Расул Жұмалы - фейсбукте - 4 992 оқырманы бар.
18. Айдос Сарым - фейсбукте - 8 465 оқырманы бар, ал инстаграм желісінде 6 185 адам оқиды.
19. Марат Байділдаев
20. Мұхтар Тайжан - фейсбукте - 4 924 адам жазылған, инстада 39 101 оқырман оқиды.
Саясаттанушы Дос Көшім: "Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты өз айын жұмыр етіп жеткізетін бір екі адамды айтайын. Расул Жұмалы, Айдос Сарым, Марат Байділдаев сынды азаматтардың жазған, айтқан пікірлері тұшымды. Одан кейін Айсұлу Қадірбаев та соңғы кездері жақсы дүниелер айтып жүр. Экономист Мұхтар Тайжанның пікірлері де ақылға қонымды, айтары бар азамат. Бұл кісілердің пікірлері менің пікіріммен көп жағдайда үйлеседі. Мен өзім ешқандай әлеуметтік желіде тіркелмегендіктен жас буын блогерлерді аса көп тани бермеймін".
21. Садық Шерімбек - инстаграм желісінде - 7 109 оқырман.
22. Әсет Ақмолда - фейсбукте - 1 773 адам жазылған, инстаграм желісінде - 22 700 оқырман.
23. Гүлшарат Жұбаева - инстаграм желісінде - 247 000 оқырман, фейсбукте - 4 995 адам.
Бейбіт Сарыбай: "Ақын жазушылардың өмірінен ескі жазбаларды жазып тұратын Әсет Ақмолда деген жігітті оқимын. Сосын Садық Шерімбектің ойлары өзгеше, жақсы жазады. Содан кейін соңғы уақытта өз өмірінен үзінділер, хикаяттар жазып жүрген актриса-тігінші Гүлшарат Жұбаеваны оқып жүрмін. Кішкентай кезінен бастап қандай қиындық көргенін, өміріндегі елеулі оқиғаларды сериал етіп баяндап жазыр жүр. Соның жазбалары қызық".
24. Айна Досқызы, PR-маман, SMM-менеджер - инстаграм желісінде - 36 300 оқырман жазылған, фейсбукте - 2 132 адам оқиды.
25. Бейбіт Сарыбай, жазушы - фейсбукте - 4 985 адам оқыса, 22 000 адам оқиды.
Сілтеме