Байқоңырдағы зымыран кешеніне Назарбаевтың есімі беріледі

07 Қараша, 2019 148 0

Байқоңырда салынып жатқан жаңа кешенге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілу туралы хаттамаға жылдың соңына дейін қол қойылуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы еліміздің цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Марат Нұрғожин мәлімдеген болатын.

Бұған дейін РФ-ның президенті Владимир Путин Байқоңырдағы «Союз-6» және «Собз-5» атты зымыран-ғарыш комплекстеріне еліміздің тұңғыш президентінің атын беру туралы ұсыныс айтқан еді. Кешен «Назарбаев старты» деген атау алады деген еді. 

«Біз бұл сұрақты президенттің әкімшілігімен бірге талқылау үстіндеміз. Қазіргі кезде «Байтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп өзгерту туаралы айтылып жатыр. Егер президенттің әкімшілігі еш қарсылық білдірмесе хаттамаға қол қойылатын болады»-деді цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Сонымен қатар ол бұл тақырып мемлекет парламентінде талқыланатынын жеткізді. 



Тегтер: Байқоңыр, Назарбаев, зымыран, аэроғарыш

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.