«Росвооруженияның» экс-басшысы өлі табылды
«Росвооруженияның» экс-басшысы өлі табылды
Алексей Огаревтің өлі денесі Мәскеу түбіндегі үйінен табылған.
РБК дереккөзі оның әйелінің сөзіне сүйене отырып, ол өз ажалынан өлді дейді және РФ ІІМ оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған деп жазады newsroom.kz порталы.
А.Огарев қазіо «Рособоронэкспорт» деп аталатын және қару саудасымен айналысатын бұрынғы «Росвооружения» мекемесінің Бас директоры лауазымын атқарған. Оның мәйіті Рублев-Успен шоссесінің бойындағы «Балатон» коттеджі қалашығындағы өз үйінен шықты.
РБК жазуынша 64 жастағы А.Огарев «Рособоронэкспорт» компаниясында бір күн жұмыс істемеген, «Росвооружения» мен «Промэкспорт» қосылған соң өз еркімен жұмыстан кеткен.
«ТРТ на русском» басылымының жазуынша, мамыр айының басында миллиардер және «Лукойл» топ-менеджер Александр Субботин, сәуір айында «Новатэк» компаниясының топ-менеджері мен оның отбасы Испанияда өлі табылса, «Газпромбанктің» вице-президенті Владислава Аваев та жуырда Мәскеуде қайтыс болып кеткен.