Жаңалықтар

Саясат Нұрбек біздің заманның әл-Фарабиі ма?

Саясат Нұрбек біздің заманның әл-Фарабиі ма?

Жуырда ғана еліміздің Жоғары білім және ғылым министрі болып тағайындалған экс-Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектің айналасындағы қоғамдық қызу талқы әлі толастар емес.

30 жылдық Тәуелсіз ел тарихында тұңғыш рет депутат ретіндегі антын «Бісмілладан» бастаған Саясат Нұрбек министр болғалы оның діни ұстанымы, жеке өмірі мен шетелде (Кипрде) оқып жатқан бала-шағасының мәселесі әлеуметтік желіде әбден жазылды.

Ұлытауда Ұлы Құрылтай басталып, жұрт назары жаңа облысқа ауған шақта Аяз Би есімді желі қолданушысы:
«Дат, ағайын! Саясат Нұрбекті біздің заманның әл-Фарабиі десек бола ма?» - деген жазбасымен жұртты елең еткізді. «Сегіз тілді меңгеру оңай емес-ті. Сегіз тілде сөйлейтін кісі ғылымнан кенде, білімсіз болмайтын шығар?! Нағыз өз орнына жайғасқан сыңайлы...» - деп өз постын Аяз Би тәмәмдаған.
Оның бұл жазбасына Жасалаш Жасалаш есімді қолданушы: «Қытай тілінде қытайларды шешеден боқтауды біле ме? Моңғол тілінде ауызды не деп айтады соны сұрашы? Ағылшын тілінде сиыр сөзінің 10 баламасын айта алама? Қазақ тілінде сиыр сөзінің 30-дан аса баламасы бар. Швет тілінде шегірткені қалай атауын білмейтін шығар» - деп пікір қалдырса, Қайрат Досимайлов есімді фейсбук қолданушысы: «Аллах берекели етсин, мине нагыз билим иеси!» - деген пікір жазған.