Жаңалықтар

«Назарбаевқа жағынған жоқпын, Тоқаевқа да жағынбаймын» – Светқали Нұржан

«Назарбаевқа жағынған жоқпын, Тоқаевқа да жағынбаймын» – Светқали Нұржан

Белгілі ақын Светқали Нұржан «Тоқаев Назарбаевтың қателігін қайталауы мүмкін бе деген сұраққа «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді деп жазады newsroom.kz порталы.

Қазір бұл сұрақ қоғамда қызу талқыланып жатқаны белгілі. Ақын кейбір белсенді сымақтардың Тоқаевты мақтауын заңдылық дейді.

«Әдет қалса да, ауру қалмайды дейді ме? Бізде ауру сананың иесі болып қалған, тобырлық санада жүргендер бар. Құдай кешірсін, мен халқымды тобыр деп айта алмаймын. Тобырлық сана мұнысын әлі қоймайды» - дейді қоғам белсендісі.

Сұхбат жүргізушісі Ербол Сейілханның: «Тоқаевтың жағымпаздыққа қарсы иммунитеті бар ма?» деген сауалына:

«Білімді адам, кітап оқыған адам, өткен-кеткен тарихты таразылаған адам ондай жағымпаздықты қабылдамайды деп ойлаймын» - деді ол.

Президент қолынан награда алған ақын – өз басым жағымпаздыққа салынбаймын деп сендірді.

«Түкірігі «түф» дегенде аспанда қатып қалатын Назарбаевқа да жағынған жоқпын, Тоқаевқа да жағынбаймын. Күнімді көремін, өмірімді өткіземін деп ойлаймын. Бірақ айтылатын жерде ақиқатымды айтамын» - дейді ақын.

Бұл сұхбаттың толық нұсқасын «Сұрауы бар» YouTube арнасынан көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=jfVNgvmgRmE        

Тілші БАЛА