Боди-массаж салонындағы полицей: Жанжал күтпеген жерден өз жалғасын тапты
Боди-массаж салонындағы полицей: Жанжал күтпеген жерден өз жалғасын тапты
Боди-массаж салонында түсірілген видео тарап кеткеннен кейін жұмыстан шыққан алматылық полицейдің оқиғасы күтпеген жерден өз жалғасын тапты.
Телеарнаның мәліметтері бойынша, полиция қызметкерінің қызметтік куәлігі көрініп қалған бейнежазба түірілген оқиға осыдан бірнеше ай бұрын ғана болаған. Бұрынға ІІМ қызметкеріне зорлауға тырысты деген айып тағылған. Ал салон таяуда карантин ережесін бұзғаны үшін жабылды.
Желіде тараған видеоға қазақстандықтар өз наразылығын білдірді, өз кезегінде, Алматы полициясы департаменті басшылығы жылдам әрекет етті.
"Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, "мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі" талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ "құқық қорғау қызметі туралы" ҚР Заңының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкері Ішкі істер органдарынан босатылды", - деп мәлімдеді ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бірақ, оқиға мұнымен біткен жоқ. Экс-полицей оны тығырыққа тірегенін, енді өз намысын қорғауға ниетті екенін мәлімдеді. Ол қызметін қалпына келтіру және бейне роликтің авторларын жазалау үшін адвокат жалдаған.
Құқық қорғаушының айтуынша, ер адам салонға келіп, бірақ оны жыныстық массаж күтіп тұрғанын білгенде "қызметтен бас тартып, ақшаны қайтаруды талап еткен".
"Олар түсіріп тұрған кездің өзінде, егер сен бірдеңе істеп, біреуді осында шақыратын болсаң, онда біз зорлау туралы хабарлаймыз деп айтқан. Қыздың денесін көгертеміз, ол растайды және сен ешқайда қаша алмайсың. Мен әдейі жасалған іс екеніне сенімдімін. Неге, себебі біз кез келген қызметті ала аламыз, егер бізге ұнамаса немесе қаламасақ, бас тартып, ақшаны қайтаруды талап ете аламыз", - деді адвокат Рүстем Гаитов.
Сондай-ақ, полиция қызметкерін болған даудан кейін босатқан, бірақ, егер салонға тексеру жүргізілсе, оның қатысуымен болған бейнені ғаламторға салатыны туралы ескертілген. "Бір қызығы, жариялау алдында массаж салоны жедел іс-шара қызметкерлерінің тексерісіне түскен. Массаж қызметін ұсынатын орын жабылып, барлық қызметкерлер карантин режимін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды", - делінген телеарнаның сюжетінде.
"Бұл мекеме карантинді бұзғаны үшін 2 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Менде сұрақ туындайды, неге олар барлық уақытта жұмыс істеуді жалғастырды. Неге олар батыл әрекет етеді? 9 мамыр осындай жағдай болды, ақшаны алып, қайтарған жоқ. Бұл жерде олар өте жақсы адамдарға үміттенеді деп ойлаймын", - деп толықтырды адвокат.
Енді массажистерге қатысты экс-полицейдің өтініші бойынша тағы бір тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерінің өзі де ішкі істер департаменті сияқты түсініктеме беруден бас тартты. Бұл даудың нүктесін тергеу мен сот қояды. Егер кінәлі болса, массаж салонының қызметкерлері 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтеме