Уау! Берік Әбдіғали Ұлытау облысының әкімі
Уау! Берік Әбдіғали Ұлытау облысының әкімі
Белгілі тарихшы және қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды.
Бұл туралы akorda.kz ресми құжатында былай деп жарияланды деп жазады newsroom.kz порталы.
Ақорда жариялаған құқықтық актілерде:
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым
№ 914 – деп жазылған.
Естеріңізге салсақ, Берік Әбдіғалиұлы осы уақытқа дейін Мәжіліс депутаты қызметін атқарған және Арқалық қаласының әкімі лауазыманан кеткенде артынан «Ақ Берік» деген ән шыққан алғашқы әрі соңғы әкім болды. Алаш пен қазақ туралы бірқатар кітаптардың авторы.