Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов карантин уақытында моншаға түсе алмай жүрген көпшіліктің жанайқайын жеткізді. 60 күн бойы үйінде жатқан өнер иесі моншалардың ашылуын сұрады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында видео жүктеген деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігіні тілшісі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрсынбек Қабатов моншада өзге адамдармен арақашықтықты сақтап, бір-бірінің арқасын ыспауға уәде берді. "Бүгін үйде отырғанымызға тура екі ай, 60 күн болыпты. Алпыс күннен асты. Бірақ, ешкім сұрамайды екен "Моншаға түспейсіздер ма?" деп. Бұл халықтың көкейінде жүрген сұрақ. Моншаны ашыңыздар енді. Тәртіпті сақтаймыз, арамызды екі метр ұстаймыз, бір-біріміздің арқамызды ыспаймыз, маскамен жүреміз",- деді әзілкеш.