Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, Кенесары Қасымұлының 220 жылдық мерейтойына орай «Хан Кенеге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырды деп жазады newsroom.kz порталы. Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, алаштанушы Берік Әбділаниұлы, Мемлекеттік тарих институтының директорының орынбасары Еркін Әбіл, мемлекет және қоғам қайраткерлері Жабал Ерғалиев, Абай Тасболатов, Ержан Исакулов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, сонымен қатар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, танымал ғалымдар, ЖОО ұстаздары,сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен БАҚ жетекшілері қатысты.
Тағылымды іс-шараға қатысушылар алдыменНұр-Сұлтан қаласындағы «Қараөткел» зиратына барып, осында жерленген Кенесары хансарбаздарының рухына тағзым етті.
Бұдан кейін алқалы жиын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында жалғасты.
Келелі басқосу аясында Түркі академиясы әзірлеген «Кенесары хан» атты кітаптың тұсаукесер рәсімін жасалды.
Жинаққа Кенесары хан мен оның қасындағы Наурызбай, Саржан, Есенгелді батырлардың қаһармандығы мен ерлігі жырланған аңыз-әңгімелер, тарихи жыр-дастандардың таңдаулы үлгілері іріктелеп топтастырылған. Аталған шығармаларда сайыпқыран Кенесарының тұңғиық ақыл-парасаты, ханға лайық бекзат болмысы, қазақ жерін сыртқы дұшпандардан қорғау жолындағы соғыстары, соңына ерген жаужүрек батырларынының күрескерлік бейнесі шынайы әрі көркем бейнеленген.
Айта кету керек ел арасында Кенесары ханның өмір жолын, жорықтары мен шайқастарын суреттейтін көптеген жырлар мен аңыздар сақталған. Олардың алғашқы нұсқалары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап хатқа түсіп, жариялана бастады. Халық жырының алғашқы нұсқасын көрнекті түрколог В.В. Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племе, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи» деген іргелі еңбегінде «Кенесары өлеңі», «Кенесары жырының бірнесше ауызы» деген атпен 1870 жылы жариялаған. «Хан Кене» жыры С. Жантөрин мен Т. Сейдалин хатқа түсіріп, кейін орыс тіліне аударып «Записки Т. Сейдалин хатқа түсіріп, кейін орыс тіліне аударып «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» журналында1875 жылы жарияланған. Онан кейін Ж.Шайхисламұлының жырлаған «Кенесары-Наурызбай» жыры 1912 жылы «Қазан» баспасынан жеке кітап болып жарық көрді. Ал Нысанбай жыраудың Ж.Басығарин жазып алған нұсқасын Х. Досмұхаммедұлы Ташкентте 1923 жылы, кейін Н. Төреқұлов 1924 жылы Мәскеуде жеке кітап қылып жариялаған.
Көпшілік назарына ұсынылған «Кенесары хан»кітабын М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкерлері Нұржұма Елесбай және Насихат Набиолла қолжазбадан оқып мәтінтанулық жұмыстар атқарып, құрастырып шығарды.
Тілші БАЛА