Facebook әлеуметтік желісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған аккаунты пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Бас прокуратура интернеттің бұғатталуына қатысты пікір білдірді.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің Facebook-те аккаунты жоқ екенін түсіндіріп, жалған ақпаратқа сенбеуін өтінді.
- "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көптеген жалған аккаунттар мен парақшалар ашылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы твиттерде және инстаграмда тіркелген. Сіздерді мемлекет басшысының атынан Facebook-те тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын", - деді баспасөз хатшысы.