Маңғыстау облысының әкімі Хорватия делегациясымен кездесті

29 Қазан, 2019 56 0

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Хорватияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазіргі таңда Қазақстан елі Хорватиямен бірлесіп экономикалық саланың барлық бағыттары бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізуде. Маңғыстау облысында хорват капиталының қатысуымен көтерме сауда саласы бойынша «Антанир» ЖШС қызмет етеді. 

«Өлкеміздің экономикалық, инвестициялық, транзиттік әлеуетке ие аймақ болып табылатыны белгілі. Маңғыстау облысының аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағы елдерімен қосатын «ТРАСЕКА« және «Солтүстік – Оңтүстік« халықаралық көлік дәліздері өтеді. Бүгінгі таңда өңірде мұнай өндіру, мұнай химиясы, құрылыс материалдары, металлургия және т.б. салаларында өндіріс жүргізетін ірі шетелдік инвесторлар табысты жұмыс істеуде. Біз барлық мүдделі кәсіпкерлерге көмек көрсетуге дайынбыз және сіздерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз. Бүгінгі кездесу Маңғыстау облысы мен Хорватия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандырудағы тетік болады деп үміттенемін», - деп атап өтті аймақ басшысы. 

Екіжақты кездесу кезінде Маңғыстау мен Далматы (Хорватия) облыстарының мұнай және кеме жасау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, Хорватияның аймаққа шетелдік инвестицияларды тарту туралы ұсыныстары қаралды.


Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.