Кешке үйге қарай жолданам: Тазабекке танымал ақын не деп жазды?
Кешке үйге қарай жолданам: Тазабекке танымал ақын не деп жазды?
Референдум күні Грузияда жүрген айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Қазақстан елшілігіне барып, өз таңдауын жасағанын жазды.
Тіпті онысын өлең жолдарымен жеткізуге тырысқан – деп жазды белгілі журналист әрі ақын Еркеғали Бейсенов өзінің фейсбук парақшасында.
«Азанмен әтірленіп, кофелендім,
Елімде боп жатқасын референдум.
Шет жатқан үш жүз шақырым Боржомиден,
Тифлиске такси жалдап, жеке келдім...» - деп «референдум» сөзіне келтірмек болған ұйқасы сәтсіз шығып қалды – деген Е.Бейсенов «түсте жайланып шәйланып отырып оқып қалғаным ғой. Қазір жұмыстанып отырмын. Кешке үйге қарай жолданам» - деп жазбасын түйіндеген.
Оның желідегі бұл жазбасы қызу талқыға түскен. Мәселен, Саясат Идаятұлы есімді қолданушы болса, «отырып емес, отырынып» - болады деп жазған.