Маңғыстау: Үздік ұстаз ″Lectorium″ жобасы аясында жастармен кездесті

28 Қазан, 2019 56 0

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Lectorium" жобасы аясында "Арман" коворкинг орталығында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Бизнес және құқық» факультетінің декан орынбасары, «Үздік педагог - 2018» республикалық конкурсының жеңімпазы Салқынбаева Фатима Давитбайқызымен кездесу өтті.

Фатима Салқынбаева өзін қарапайым ұстаз және жастардың жанашырымын деп таныстырып, жетістікке жетуге мүмкіндік берген дара жолын әңгімеледі. Өзінің айтуынша, ол Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша білім алып, 2010 жылы аталмыш университеттің экономика ғылымдарының магистрі атанды.

Бір оқу орнынан қос мамандық алып шыққан Фатима Жаңаөзенге қайта оралып, О.Тұрмағанбетұлы атындағы мұнай және газ колледжі есеп және аудит мамандығының арнайы пәндер оқытушысы болып жұмысқа орналасады. Бойында білім, ойында санасы бар жас маман алғашқы еңбек күнінен бастап жоғары оқу орнынан үйренгенін өзінің шәкірттеріне үйрете бастады. Сонымен қатар әртүрлі ғылыми байқауларға қатысып, білімін шыңдау жолынан таймады. Соның арқасында 2014 жылы «Жас ғалым» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 2017 жылдың 20 қарашасы мен 20 желтоқсаны арасында ҚР Ғылым және білім министрлігінің қолдауымен London Gloucestershire University тағылымдамасынан өтеді.

 

Білікті де білімді ұстаз Лондон сапарындағы алған тәжірибелерімен бөлісе отырып, жастарды ынталандыру мақсатында шет тілдерін меңгеру керектігін айтып өтті. Расында қазіргі таңда тілдерді білу өте керек және үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

«Еліміздің келешегі – жастар. Біздің жалындаған жастарымыздың түрлі жобалармен жұмыс жасап, үш тілді жетік меңгеріп, туризм саласын дамытып, шетелде білім алғанын қалаймын», - деп өз сөзін түйіндей келе Фатима Салқынбаева бүгінгі жігерлі жастарға сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда Фатима Салқынбаеваның қоржынында 27 ғылыми мақала, 60 бизнес жоспары бар.

"Арман " жастар орталығының суреті

Дереккөз: tumba.kz

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.