Әбден ашынған неміс дәрігерлері тыр жалаңаш шешініп, суретке түсті
Әбден ашынған неміс дәрігерлері тыр жалаңаш шешініп, суретке түсті
"Мүмкін осыдан кейін билік коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде аса қажетті қорғаныс заттарымен дәрігерлерді қамтамасыз етер" деп үміттенеді олар.
Германияда дәрігерлер қорғаныс құралдарының, маскалар мен жұмыс киімдерінің жеткіліксіздігіне байланысты наразылық акциясын бастады.
Дәрігерлер бұл флешмобқа "Жалаң ойлау" деп ат берді. "Мүмкін осыдан кейін билік коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде аса қажетті қорғаныс заттарымен дәрігерлерді қамтамасыз етер" деп үміттенеді олар.
"Жалаңаштану - бұл біздің қорғаныссыз қаншалықты осал екендігіміздің белгісі", - дейді акцияға қатысқан терапевт Рубен Бернау.
"Біз - сіздердің отбасылық дәрігерлеріміз. Сіздерді емдеу үшін бізге қорғаныс құралдары қажет. Ал ол жоқта біз, міне тура суреттегідей болып көрінеміз", - дейді дәрігерлердің бірі.
Сілтеме