Адам өлтірген қошқар сотталып кетті
Адам өлтірген қошқар сотталып кетті
Әйел адамды абайсызда сүзіп өлтірген қошқар үш жылға сотталды деп жазады geo.tv сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Аталмыш оқиға Оңтүстік Суданда болған. 45 жастағы әйел адам қошқар сүзгеннен соң өзіне келе алмай ауруханада көз жұмған.
Одан бөлек қошқардың иесі қаза тапқан әйелдің отбасына бес сиыр құн төлеуі тиіс.
Тағы бір айта кететін жайт, қошқар заң шешім шығарған үш жылдық жазасын өтеп шыққан соң қайтыс болған әйелдің отбасына тапсырылады.