Жаңалықтар

Мәссаған! Қостанайда түлектер «Наши Российские герои» әніне билепті (видео)

Мәссаған! Қостанайда түлектер «Наши Российские герои» әніне билепті (видео)

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің түлектері соңғы қоңырауда «Наши Российские герои» дейтін мәтіні бар әнге би билеген. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің Instagram-парақшасында жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Б. Момышұлы атындағы орыс тілінде білім беретін орта мектептің соңғы қоңырау салтанатына қала әкімі Марат Жүндібаев қатысқан.

Видеодан әскери киім киген түлектер Ресейдің патриоттық әніне билегенін көруге болады. Бұл жөнінде қалалық білім бөлімінің жетекшісі Гүлсім Оразбаева түсінік берді.

«Бұл осы мектепте көп жылдар бойы ойналып келген тарихи вальс екен. Биыл 20 жылдығына орай сол дәстүрмен тағы да қосылды. Сөзіне аса мән берудің, бөтен астар іздеудің қажеті жоқ сияқты. Оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Бастысы, іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар көздеріне жас алды. Видео астына да тек жақсы пікірлер жазылып жатыр», – дейді ол.

Гүлсім Оразбаеваның айтуынша, арнайы тапсырыспен мектептің жаңа әнұраны жазылып жатыр. Сынға іліккен видео парақшадан өшіріліп тасталынған.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=6un16fR4kLw&feature=emb_title[/embed]