Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды

Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды

ашық дереккөзі

Тапсырыс сомасы өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2 есеге өскен.  width= Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары Kaspi.kz ірі электронды коммерция платформасы арқылы 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе былайша пікір білдірді: «Біз онлайн сатып алу бұдан да тиімді, ыңғайлы болуы үшін Kaspi.kz-тегі Магазинді дамытудамыз. Біздің команда тұрақты түрде ассортиментті ұлғайтып, жаңа серіктестер қосып, бүкіл ел аумағына жеткізу ауқымын ұлғайтуда. Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс саны өткен жылмен салыстырғанда 2 еседен жоғары немесе 116% өсті. Сәуірдің екінші жартысында біз тапсырыстарды өз есебімізден тегін жеткіздік, бұл карантин мен төтенше жағдай кезінде аса маңызды болды. Сондай-ақ, біз сәуірде онлайн сатып алуды бұдан да тиімді жасап, сүйікті клиенттерімізге Kaspi Gold пен Kaspi Red арқылы сатып алған әрбір зат үшін 10% бонус сыйладық».  width=   «Пандемия жағдайында және вирустың таралу қаупі жоғары болған кезде жеткізу қызметімен онлайн зат сатып алу көптеген қазақстандық отбасы үшін қолайлы әрі қажетті болып қана қоймай, біздің серіктестерімізге сатылымдар мен жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесті. Біздің командамыз президент жанындағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қолдауымен және әкімдіктердің жедел штабтарымен, серіктестермен және курьерлік қызметтермен бірлесіп, жеткізу қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ қауіпсіз онлайн зат сатып алуға мүмкіндік беру үшін бар күш-жігерін салды. Біздің командамыздың және сүйікті клиенттеріміздің атынан бүкіл еліміз бойынша және әр қаладағы жеткізу қызметімен онлайн зат сатып алуды ұйымдастыруға көмектескен әр адамға рақмет айтамын»,- деді Михаил Ломтадзе. Өткен жылдағы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 2020 жылдың 1 қаңтары мен 30 сәуірі аралығындағы Kaspi.kz-тегі Магазиннің негізгі нәтижелері: Сату Биылғы жылдың алғашқы 4 айында тапсырыс сомасы 103% өсіп, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 34 миллиард теңгемен салыстырғанда рекордтық 69 миллиард теңге болды. Тапсырыс саны 2 есеге, 417 000 тапсырыстан 900 000 тапсырысқа өсті. Өсім 116%. Барлық тапсырыс бойынша Kaspi.kz мобильді қолданбасы арқылы рәсімдеу көлемі ұлғайып, өткен жылғы 83% салыстырғанда 94% жетті. Kaspi.kz мобильді қолданбасы арқылы сатып алуды таңдайтын қазақстандықтар көбейіп келеді. Сілтеме

Жүктелуде...