Жаңалықтар

Қобызбен домбыраның музыкалық импровизациясы. АҚШ астанасында қазақ өнерінің кеші қалай өтті?

Қобызбен домбыраның музыкалық импровизациясы. АҚШ астанасында қазақ өнерінің кеші қалай өтті?

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Болашақ» стипендиаттары Дж.Вашингтон университетінде қазақ мәдениетімен таныстырды деп жазады newsroom.kz порталы  tarazy.kz сайтына сілтеме жасап. АҚШ астанасында орналасқан Дж. Вашингтон университетінде Орталық Азия бағдарламасының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жібек жолы фестивалі» өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі мен Абай орталығы қазақ мәдениетінің көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде қазақ ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен халық әндері орындалып, Абай орталығының жұмысы таныстырылды.  width= «Болашақ» стипендиаты, Абай орталығының координаторы Ертай Сұлтан мәдени іс-шараны жүргізіп, қонақтарға қазақтың халық әні «Бір баланы» орындады. Әнді бағдарламаның тағы бір стипендиаты Қазына Асанқызы қобызбен сүйемелдеді. Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараға 200-ден астам қатысты.
«Хәкім Абай айтқандай “Өнерге әркімнің-ақ бар таласы… Дж. Уашингтон университетінде өткен “Жібек жолы фестивалі” аясында ҚР Елшілігі Embassy of Kazakhstan ұйымдастырған көрмеде қонақтарға AbaiCenter жұмысын таныстырудың және ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен қазақ халық әндерінен музыкалық импровизация ұсынудың сәті түсті. Қобызда әріптесім, Bolashaq халықаралық бағдарламасының стипендиаты Казына Асановна«, — дейді Ертай Сұлтан.  width=
       

Тілші БАЛА