Кендірліде су тұщыту зауыты салынады

25 Қазан, 2019 58 0

Кендірлі демалыс аймағына су тұщыту зауыты салынады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі осы уақытқа дейін техникалық су шығару бойынша дайындалса, енді ауыз суын тұщыту бойынша қайта жанданатын болады. 

Осыған орай, «Кендірлі демалыс аймағынан қуаты тәулігіне 45-50 мың текше метр болатын су тұщыту зауытын салу» жобасы әзірленді. Ж

иналыс кезінде тараптар зауыт пен құбырларды орналастырудың бірнеше нұсқаларын ортаға салды. 

«Мердігер мекеме «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін сәуір айының соңына дейін әзірлейтінін айтты. Содан кейін әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, зауыттың нақты қуатын анықтап, құрылыс жұмыстарын ең қысқа мерзімде аяқтайтын боламыз», - дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай тасымалдау бойынша басқарушы директоры Нұртас Шманов. 

Еске сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында ҚР Премьер Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Жаңаөзенді дамытудың кешенді жоспары бойынша жиын өткен болатын. Аталмыш басқосуда Үкімет басшысының Жаңаөзен қаласындағы ауыз су мәселесін шешу жөнінде арнайы тапсырма берген болатын.


Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.