Ақтауда 3 мың орынға шақталған стадион салынады

25 Қазан, 2019 55 0

Ақтаудың 32-шағынауданындағы Yessenov University аумағында әлемдік стандартқа сай келетін стадион салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы аталған университеттің экономика департаментінің директоры Нұрболат Батыков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде жоба өңірдегі «Каспий» футбол клубымен және бас бапкермен келісілген. 

Жаңа стадион халықаралық стандартқа сай келеді. 

«Жоба бойынша 520 миллион теңге бөліну жоспарланып отыр. Құрылыс аумағы 1,5 гектар болмақ. Қай мекеменің салатыны белгісіз. Конкурс жарияланады. Сондай-ақ, инвесторларды тарту жоспарланып отыр», - деді Нұрболат Батыков. 

Құрылыс жұмыстары осы жылдың аяғында басталмақ.


Тегтер: Ақтау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.