Моңғолияның экс-президенттері ақылдасу алқасын құрып жатыр
Моңғолияның экс-президенттері ақылдасу алқасын құрып жатыр
Моңғолия Президенті, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы У.Хүрэлсүх елдің бақандай 5 экс-президенттерімен кездесу өткізіпті.
Бұл туралы Моңғолия Президентінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады kaznews.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Кездесуге Моңғолия Президенті лауазымын атқарған П.Очирбат, Н.Багабанди, Н.Энхбаяр, Ц.Элбэгдорж және Х.Баттулга қатысқан.Кездесу барысында Моңғолияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сыртқы және ішкі факторлар және басқа да мәселелер жөнінде пікір алмасылған. Моңғолияның ұлттық қауіпсіздігі, ұлт бірлігі, сыртқы және ішкі саясаттағы мәселелері бойынша бұрыңғы Мемлекет басшылары тығыз ынтымақтастықта болып, ақылдасу алқасын Моңғолияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанынан құру қажет деп шешіпті.