Мырзахметовтан Мәжіліске: кісі қызғарлық карьерасы бар депутат қызу талқыға түсті
Мырзахметовтан Мәжіліске: кісі қызғарлық карьерасы бар депутат қызу талқыға түсті
Қазақстан үлкен мүмкіндіктер елі. Тәуелсіздігін алғанына 30 жыл болған мемлекетте саяси және қызметтік карьера жасаған тұлғалар саны жетіп артылады. Арманын жүзеге асыруға АҚШ-қа аттанатындарды түсінбеймін деп жазады newsroom.kz тілшісі.
Дегенмен Парламент Мәжілісіне Ақмола өңірінен депутат болып сайланған Мәди Елюбаевтың өмірбаяны фейсбук әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр.
Мәселен, Ая Өміртай есімді фейсбук қолданушысы: «Мәжіліс депутаты Мади Елюбаевтың еңбек жолы. Пах, шіркін! Көңіл-күйім өз-өзінен көтеріле беретін болыпты 🤣 Оған қоса 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы екен. Қайдан тауып оқуға болады?» - деп жазған.
Аталмыш постқа пікір қалдырған Мерген Тоқсанбай есімді қолданушы: «Университет ашып алсам, баламды осылай өсіруге болады екен ғой, иә?)» - деген пікір жазып кеткен. Себебі, А.Өміртайдың жазбасында келтірілген скриншотта А.Мырзахметов атындағы университетті 2000 жылы Елюбаев Сагинтай Зекенович негізін қалағаны жазылған.
Артынша тағы да фейсбук әлеуметтік желісіне пост жазған белгілі блогер Бауыржан Қарипов: «Мырзахметов университетінен шықпаған адам Мәжілістен бір-ақ шыққан ғой. Машалла! Карьера деп осыны айт. Праймериздің көмегі болды деп ойлаймын. Қайбір жылы бір телеарнадан бегучка өткен. Жұмысшы іздеген компания "Мырзахметов және ... университеттерін бітіргендер хабарласпасын" деп хабарландыру берген ғой» - деп жазып, Ая Өміртай бөліскен скриншотты өз жазбасында қалдырған.