Жаңалықтар

Бізде болмай ма? АҚШ-та бензин қымбаттап кетті

Бізде болмай ма? АҚШ-та бензин қымбаттап кетті

Наурыз айынан бері АҚШ-тағы бензин бағасы күрт қымбаттаған. Қазір бір галлон бензин 4,4 долларға жеткен. (Бір галлон төрт литрге жуық болады). 

Бұл туралы vz.ru басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Осыған байланысты елдегі бензин қоры 1,8 млн галлонға азайған. 29 cәуірдегі болжамға сәйкес алпауыт елдегі мұнай қоры 2,2 млн баррелге азайған.

«Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» - дейді қазақ мақалы. АҚШ секілді алпауыт елде бензин бағасы қымбаттап кетсе біздегі жағдай қалай болады деп ойлайсыз, құрметті оқырман?