Жаңалықтар

Елімізде парақорлар былтырғыдан да көбейіп кеткен

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 725 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 26,5%-ға көп деп хабарлады newsroom.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Finprom.kz зерттеуінде көрсетілгендей, тіркелген жемқорлық қылмыстарының үштен бірі – пара алу. Ол бір жыл бұрынғыдан бірден 246 оқиғаға көбейген (48,2%-ға артық). Пара беру ісі сыбайлас жемқорлықпен айналысатын шенеуніктердің арасында «танымалдығы» бойынша 2-орынды иеленді: 198 құқық бұзушылық, плюс 14,5%. Одан кейінгі кезекте бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру тұр (88 іс, жылына плюс 31,3%). Қызмет бабын асыра пайдалану, алаяқтық та саладағы жиі кездесетін заң бұзушылықтардың қатарында. Өңірлік тұрғыда Алматы облысы пара алу бойынша алдыңғы орында: 67 жағдай, жылына плюс 2,4 есе. Сонымен қатар Алматы (57 жағдай, плюс 42,5%) және Нұр-Сұлтан (47 жағдай, минус 11,3%) алғашқы үштікке кіреді. Бұл жағынан Қызылорда облысында жағдай оңалған. Небәрі 5 жағдай тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыдан аз. Еске сала кетсек, осыдан бір жыл бұрын 11 жағдай тіркелген еді. Парақорлыққа пара алу, беру және пара беруге делдалдық жатады. Жыл басынан бері секторда 459 жағдай тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға артқан.