Жаңалықтар

Қазақстанға ҰҚШҰ әскері тағы кіргізілетін болды

Қазақстанға ҰҚШҰ әскері тағы кіргізілетін болды

Қазақстан қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдермен бірлесіп, жаттығу өткізетін болды деп хабарлады newsroom.kz порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, биылғы қазан айында Қазақстан аумағында Жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарының «Іздеу – 2022» арнайы оқу-жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің «Эшелон – 2022» арнайы оқу-жаттығу өтеді. Орталық Азия өңірінің Жедел өрістету ұжымдық күштерінің «Шекара – 2022» бірлескен оқу-жаттығуын Тәжікстан аумағында өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қырғызстанда бітімгершілік бөлімшелерінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Іс-шаралар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің мақсаты бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.