Жаңалықтар

АҚШ Украинаға тездетіп 33 млрд доллар бөлмек

АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға көмек көрсету мақсатында Конгрестен қосымша 33 миллиард доллар бөлуді өтінді. Тіпті ол бұл мәселені тез арада шешіп беруді сұрап отыр деп хабарладыnewsroom.kz порталы.

Байден мұндай қомақты қаражатты не үшін жылдам бөлу керектігін түсіндірді.

«Біз Украина өзін қорғауы үшін оған барынша көмектесіп келеміз. Бірақ бұл біз Ресейге шабуылдаймыз деген сөз емес», – деді ол.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қаржының 20 миллиард доллары Украинаның қорғаныс саласын күшейтуге жұмсалмақ.