Жаңалықтар

«Конституциядан Елбасы мәртебесі алынып тасталады» – Ерлан Қошанов

«Конституциядан Елбасы мәртебесі алынып тасталады» – Ерлан Қошанов

Қазақстанда Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заңды алып тастау жоспарланып отыр. Бұл Конституцияға сәйкес өзгертулер енгізілген соң жүзеге асады деп хабарлады newsroom.kz порталы. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты.
«Конституцияға өзгеріс енгізілген соң Елбасы мәртебесі алынып тасталады. Ата заңымызда Назарбаев тек елдің негізін салушы ретінде қалады. Бұл өзгеріс қабылданған соң Тұңғыш Президент туралы заң өз күшінен айырылады», - деді ол.
Сондай-ақ ол аталған нормаға қатысты халықтың ой-пікірі қалай ескерілуі мүмкін екенін де айтып өтті.
«Енді ол референдум бола ма, Парламент арқылы өте ме, болашақта шешілетін мәселе. Қазір Конституциялық кеңестен сол рәсімді біз өткізуіміз керек. Заңнамада экс-президент туралы норма бар. Бірінші Президентке де сол норма қатысты болады», – деді Ерлан Қошанов.