Жаңалықтар

Бүгін – Қадыр түні: рухы күшті адамдар ағаштардың жерге толық бүгілгенін көре алады

Бүгін – Қадыр түні: рухы күшті адамдар ағаштардың жерге толық бүгілгенін көре алады

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан дінбасылары Қадыр түні күнін белгіледі. Биыл ол 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр деп хабарлады newsroom.kz порталы. Қадыр түні – қазақша атауы. Араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Қадыр түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген деп саналады. Бұл Рамазан айының аяғы, яғни он түнінің бірі болған.

Қадыр түні қашан?

Құранда Қадыр түні оразаның соңғы он түнінің бірінде екені айтылған, бірақ нақты күні айтылмаған. Кейбір ғалымдар оразаның 26-сынан 27-күніне қараған түні Қадыр түні деп санайды. Жазбаларда 21, 23, 25, 27 және 29 сияқты күндер көрсетілген. Құлшылық жасайтындар бұл түндерде қасиетті айдың ең маңызды түнін табу үшін дұға етеді. Қадыр түні күн батқаннан кейін келеді және таңертең аяқталады, яғни таңғы намаз басталғанда бітеді.

Қадыр түнін қандай белгілер бойынша анықтауға болады?

Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде бұл түні ғибадат етушілер жылдың басқа уақыттарында сезінбейтін тыныштық пен жайлылықты сезінетіні айталды. Қадыр түнінде ағаштар жерге толықтай бүгіледі деп саналады, оны рухы күшті адам көре алады.
- Орташа температура (жергілікті климат жағдайына сәйкес бұл түн суық немесе ыстық болмайды). - Жарық ай. - Жұлдыздың болмауы. - Жарты ыдысқа ұқсас айдың пайда болуы.
 

Қадыр түнін қалай қарсы алу керек?

Қадыр түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн. Сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған жөн. Осы түнде жасаған күнәларыңыз үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға етуіңіз керек. Өйткені дәл осы түнде адам өмірінде бір жыл ішінде болатын барлық нәрсе жазылады деп саналады.

Қадыр түнінде не істеуге болмайды?

- Спирттік ішімдіктер ішуге болмайды. - Ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды. - Түнде ұйықтамаған абзал. - Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды. - Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көруге болмайды.

Қадыр түнін қайда өткізу керек?

Бұл түнді ойын-сауық орындарында өткізуге болмайды. Қадыр түнін үйде немесе мешітте өткізеді. Түнді жалғыз да, жамағатпен де қарсы алуға болады. Бұл түні намаз, Құран оқылады. Өткен күндердің, айлардың қателіктері талданады, өткен реніштер кешіріледі, болашаққа жоспарлар жасалады.