«Өліп жақсы көргендерім арқамнан пышақ сұғып жүр екен» - Мереке Қалбаева
«Өліп жақсы көргендерім арқамнан пышақ сұғып жүр екен» - Мереке Қалбаева
Жайдарманшы Мереке Қалбаева Instagram-дағы парақшасының Stories бөлімінде ешкімді «өліп» жақсы көрмеу керектігін жазды деп хабарлады newsroom.kz порталы.
«Достар, мен соңғы уақыттарда мынаны түсініп жүрмін. Ешкімді жек көрмеңіз, ертең сол адам сіздің жан досыңыз болып кетуі мүмкін екен. Және ешкімді жақсы көріп, періште санап кетпеңіз. Ол сіздің қас дұшпаңызға айналуы мүмкін екен. Жалпы ешкімді жамандаудың да, асыра сілтеп мақтаудың да қажеті жоқ. Тек Алланың разылығы үшін жақсы көріп жүре беріңіз», - деді ол.Оны оқыған оқырмандары жайдарманшыға қолдау көрсетіп, бәрі бір ауыздан бұл пікірін құптайтындарын жеткізіп жатыр.
«Өліп жақсы көргендерім арқамнан пышақ сұғып жүр екен. Жақтырмайтындарым жан досыма айналып жатыр», - деді әзілкеш келіншек одан әрі.