Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21 Шілде, 2018 800 0

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рəсімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған NewsRoom+ тілшісі. 

Денис Теннің ақтық сапарында қоғам қайраткерлері мен спортшылар көңіл айтты. Қоштасу сəтінде мəртебелі қонақтардың сөзінен кейін Денистің табытын өзі жазған əнмен алып шықты. Жиналғандар спортшыны ерекше құрметпен ақтық сапарға аттандырды. Жүзден аса адам Денис Тенмен мəңгілікке қош айтысты. Осыдан бір ай бұрын ғана Денис 25 жасқа толған еді. Ол мəнерлеп сырғанаудан биіктерді бағындыру үшін тынбай еңбектенетін. Сондай-ақ ол əн жазып, оны орындаумен айналыса бастаған. Тіпті фильм түсіргісі келген екен. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қайтыс болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ салған. Күдіктілер ұсталды.

Тегтер: денис, тен, алматы, олимпиада

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.