Илон Маск 44 млрд долларға Twitter-ді сатып алатын болды
Илон Маск 44 млрд долларға Twitter-ді сатып алатын болды
Америкалық миллиардер Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алу туралы келісімге келді. Бұл туралы PR Newswire басылымы компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады деп жазды newsroom.kz порталы.
«Twitter, Inc бүгін келісімге келгенін мәлімдеді. Оған сәйкес, акциясы 54,2 долларды құрайтын компания Илон Маскқа толықтай тиесілі болмақ. Келісімшарт құны шамамен 44 миллиард долларға бағаланып отыр», - делінген хабарламада.Мәміле жабылғаннан кейін Twitter-дің жеке компанияға айналатыны атап өтілді. Twitter директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасы Брет Тейлордың айтуынша, ұсынылған мәміле айтарлықтай пайда әкелген. Бұл Twitter акционерлері үшін ең жақсы бағыт көрінеді. Бұған қатысты пікір білдірген Илон Маск Twitter-ді «сандық қала алаңы» деп атады. Оның айтуынша, аталған желіде адамзат болашағының маңызды мәселелері талқыланады.
«Мен Twitter-ді бұрынғыдан да жақсырақ етіп жасағым келеді. Twitter желісінің әлеуеті зор. Осы компаниямен жұмыс істеуді асыға күтемін» деп жазды кәсіпкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.