Жаңалықтар

«Кездескенше, бұзықтар!»: атышулы Байзақова 10 оқырманына ауызашар жасамақ

Ораза ұстағалы бері темекі шегу мен боғауыз айтуды азайтқанын мәлімдеген атышулы блогер Айжан Байзақова енді бейтаныс адамдарға ауызашар бермек деп жаздыnewsroom.kz порталы.

Айтуынша, ол Instagram-дағы парақшасынан 10 оқырманын таңдап, соларға арнап дастарқан жаятын болыпты.

«Өзімнің жақындарым мен достарыма бірнеше рет ауызашар бердім. Бұл жолы сіздерге арнап жасағым келеді», – дейді блогер.

Ауызашарға барғысы келетін жандар көп болғандықтан, ол қонақтардың тізімін өзі жасамақ. Ол үшін ауызашарға барғысы келген адам Байзақованың парақшасына өзі туралы мәліметтер қалдыруы шарт.

«Ешқандай қатаң талап жоқ. Хикаясы қызықтырған оқырмандарды таңдаймын. Кездескенше, бұзықтар!» – деді ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dance With The Devil (@bayzakova)