Жаңалықтар

Азия чемпионы Мәдина Бақбергенова ауылда сиыр сауып жүр (ВИДЕО)

Өткен аптада Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрестен чемпион атанған Мәдина және Жәмила Бақбергеновалар желіде қызықты видео жариялады деп хабарлады newsroom.kz порталы.

Спортшылар Қазақстан тарихында тұңғыш рет Азия чемпионы атанған егіз балуандар ретінде елге танылған болатын. Жақында Жәмила Бақбергенова сиыр сауып отырған сыңары Мәдинаның видеосын желіге жариялады.

«Ата-анамызға Азия чемпионысың ба, бәрібір» деп жазды Жәмила.

Видеоны тамашалаған желі қолданушылары спортшының бұл әрекетіне ерекше сүйсінген. Еске сала кетсек, Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында Мәдина 68 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Жәмила 72 келіде алдына жан салмаған еді.