Жаңалықтар

Әйелі хиджап киеді: 28-дегі ең жас вице-министр туралы не білеміз?

Үкімет Қаулысымен Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлады newsroom.kz порталы.

Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген. Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған. 2015-2020 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы; 2022 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы. 28 жастағы жігіт Facebook-те белсенді. Атқа мінеді, домбыра тартады. Өзі жариялаған суреттен әйелінің хиджап киетінін байқауға болады. вице-министр 2015 жылы Статистика комитетінде жұмыс істеген. Ол тұста қазіргі Премьер-министр сол комитеттің төрағасы болған еді.