Жаңалықтар

"Супер қаһармандар": Ақтөбелік суретшілер COVID-19 күресіп жүргендерге тосын сый жасады

Ақтөбе қаласының Әбілқайырхан даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің біріне коронавируспен күреске жұмылдырылған қызметкерлерге арнап сурет салынды. Онда дәрігер, полицей және әскери қызметкер супер қаһарман образдарында бейнеленген.  width= Суретте қолына қалқан ұстаған полиция қызметкерін, "супермен" плащын жамылған дәрігер, "темір адамның" қолғабын киген әскери қызметкерді көруге болады. Туындының астында "Қиын жағдайда шын батырлар көмекке келеді" деп жазылған. Пилоттық жобаның жүзеге асуына жергілікті әкімдік қолдау білдірген. Суретшілердің ұсынысын қолдап, қажетті бояу құралдары және арнайы көтергіш крандармен қамтамасыз еткен. Сілтеме