Жаңалықтар

«Келінжан» телехикаясы толық метрлі фильм болып, кинотеатрларға шығады

Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген «Келінжан» телехикаясыенді толық метражды фильмге айналып отыр. Қазір оның түсірілімі басталып кеткен деп хабарлады newsroom.kz порталы.

Бұл жаңалықты «Келінжан» телехикаясының бір кейіпкері – Балқияны сомдаған актриса Нұргүл Мыңғатова өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Осы орайда ол жаңа түсірілімнің фотоларын да жариялаған.

«Алла бұйыртып, «Келінжанның» толық метр фильмін бастап кеттік. Алла қаласа, алдағы уақытта попкорн алып, кинотеатрға барып көруге болады. Бұйырса, сериалы алдағы уақытта басталады! Жақсы тілектеріңізді аямаңыздар. Сіздерге ұнау үшін бар күшімізді саламыз. Бәрімізге Алла жар болсын!» - деді Нұргүл Маңғытова.

Сондай-ақ сол телехикаяда Айсараның рөлін сомдаған Дариға Бадықова да әріптестерімен түсірілім кезіндегі суреттерін бөлісті.

«Әр жоба сайын уайым басым болады. Көрермен, бұл сіздің «Келінжан»!» деп жазды ол өз парақшасына.

Телехикаяның көрермендері бұл жаңалыққа да қуанып, жаңа шығарылымын асыға күтетіндерін жазып жатыр.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Нургуль Мынгатова (@nurgul.myngatova)