Жаңалықтар

Ресей Украинаға «Орел» әсіреұлтшылдар батальонын да жібермек

Ресей Украинаға «Орел» әсіреұлтшылдар батальонын да жібермек

Ресей Қарулы күштері Украинадағы қарулы қақтығысқа «Орел» неонацистер батальонын жіберуді жоспарлап отыр деп хабарлады newsroom.kz DonPress.com порталына сілтеме жасап.  Украин блогерлерінің айтуынша, Мәскеудегі еріктілерден құралған батальон Дондағы Ростов қаласына аттанып, әрі қарай Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысады. Қазір Ресейдің жер-жерінде жасақ құрамын толықтыру жүріп жатыр. Украинаны «ұлтсыздандыруға» қалмақтар да барғалы жатқан көрінеді. Бұл жасақтың құрамында Элиста қалалық кеңесінің депутаты Чимид Джангаев та бар. Украинаның бұрынғы Ішкі істер министрі Арсен Аваковтың айтуынша, майданда Ресей армиясы 30 мыңнан астам адамынан айырылған. Оның есептеуінше, Кремльдің 30 557 басқыншысы жер жастанған. Олардың 23 655-і – сарбаздар мен офицерлер, 6 902-сі – жекелеген әскери компаниялардың жалдамалылары.