Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда бекітілетін болды

Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда бекітілетін болды

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» мәртебесі конституцияда бекітілмек. Бұл туралы бүгін Конституцияны өзгерту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов айтты деп хабарлады newsroom.kz порталы.
«Тұңғыш Президент мәртебесі мәселесіне келетін болсақ, Конституцияда бұл Конституциямен және конституциялық заңдармен реттеледі деп жазылған. Жұмыс тобы бұл мәртебені Конституцияның өзінде анықтау керек, бұл норманы нақтылайтын заңдарға емес, Конституцияның өзіне жүгіну керек деген қорытындыға келді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Яғни, бұл мәртебе белгіленді. Меніңше, бұл өте маңызды, өйткені оның сіңірген еңбегін, объективті фактіні бәріміз де көрдік, бүкіл әлем көрді, ол Конституцияда бекітіледі», – деді Ермек Әбдірасылов.
Еске сала кетсек, өткен жұмада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енетін өзгерістерді жасаған жұмыс тобымен кеңес өткізіп, олардың жасаған өзгерістерін мақұлдаған болатын. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев билікте отырғанда қабылданған «Елбасы – Тұңғыш Президент» туралы Конституциялық заң бар екенін ескере кеткен жөн.