Жаңалықтар

«Олай деме, әйтпесе соғыс болады»: ресейшіл әйел қазақ жігітке сес көрсетті (ВИДЕО)

«Олай деме, әйтпесе соғыс болады»: ресейшіл әйел қазақ жігітке сес көрсетті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Путинді қолдаған келіншектің қазақты соғыспен қорқытқан видеосы тарап, қызу талқыға түсті деп хабарлады newsroom.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап. Дүкенде орыс әйел қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан. Соның салдарынан тұтынушы мен екі арада кикілжің туындаған көрінеді.
«Яғни, онда сіз біздің ұлтты қозғадыңыз. Олай айтудың керегі жоқ. Әйтпесе соғыс болады. Бізге соғыс қажет емес қой, иә?» - дейді орыс әйел «Біз арыз жазамыз, сіз бізді ұлтшыл дедіңіз» деген тұтынушыға.
Одан әрі видеоға түсіріп тұрған жігіт пен оның әңгімесі былайша өрбіген:
«- Қандай соғыс, Украинадағыдай ма? - Иә. - Украина жеңіп жатыр бірақ. - Жоқ, біз жеңеміз. Біз көппіз ғой».
«Қай тілде сөйлесеңіз де, ол сіздің қалауыңыз. Бірақ, жұмысыңыз адамдарға қызмет көрсетумен байланысты болса, біз сіздердің қазақ тілін білгендеріңізді талап етеміз», - деді қазақ жігіт. «Мені қазақ тілінде сөйлетіп көр алдымен...» - деп қасарысты оған ресейшіл әйел.
«ҰҚК қызметінің назарына алатын адам екен», «Нағыз арандатушы, кешірім жоқ бұларға», «Мынаның сөзі осындай болса, ішінде, миында не жатқанын ойлаудың өзі қорқынышты», «Тек боқтап қана сөйлейді екен, не тәрбие?» деп жазды видеоны көрген көпшілік.