Жаңалықтар

Тоғыз жастағы бала қари болғысы келеді

Тоғыз жастағы бала қари болғысы келеді

Тоғыз жасында 10 құран сүресін жатқа білетін Наурызбай Тәжібайұлы болашақта "қари" болғысы келеді деп жазады newsroom.kz порталы. Намаз оқуды алты жасынан бастаған Наурызбай Тәжібайұлы Шымкент қаласы, Мөлтек ауданы №87 орта мектептің 3 сынып оқушысы. Қазіргі таңда діни білімін үйінде жетілдіруде.  
"Мен құран оқуды алты жасымнан бастадым. Маған құран оқуды үйреткен әкем болды. Әкем де дін жолында жүрген маман. Қазіргі таңда 10 - ға жуық сүрелерді жатқа білемін. Менің арманым - болашақта қари болу" - деді болашақ қари.  width=
Наурызбайдың әкесі баласының таңдауын қолдайтынын және алдағы уақытта діни медреседе білім алуын қолдап отыр. Оның айтыуынша:
"Наурызбай бала кезінен өте алғыр, талабы жоғары. Ол болашақта қари болуды армандайды. Қазіргі таңда оның арманын орындау барысында қолымнан келгенше көмектесіп жүрмін" - деді әкесі.
       

Тілші БАЛА