Жаңалықтар

Алматы әуежайына Қонаевтың атын беруді қолдаушылар көбейді (ВИДЕО)

Қазір алматылықтар Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы онлайн-петицияға қол жинап жатыр деп хабарлады newsroom.kz порталы.

Петицияда мегаполис тұрғындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Парламенттің қос палата депутаттарына үн қатқан.

«Қазақ жерінің біртуар тұлғасы туралы алыс-жақын шетелден келгендер көбірек білсе екен дейміз!» - дейді олар.

Петицияға алғашқы күннің өзінде-ақ бірнеше мың қол жиналған. Бұл ретте елордадағы халықаралық әуежайға қаланың негізін өзі қалаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілгенін ескерсек, «Қонаевтың қаласы» атанған Алматының әуежайына да ол кісінің есімін беру кезек күттірмейтін шешім болса керек.