Жаңалықтар

Министр талғарлықтарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берді

Министр талғарлықтарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың Талғар ауданының тұрғындарымен, сондай-ақ Алматы облысының ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті деп хабарлады newsroom.kz порталы. Кездесу барысында Асқар Омаров министрліктің іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Сондай-ақ өңірлік БАҚ-ты барынша тарта отырып, жергілікті мемлекеттік ақпараттық тапсырысты уақытылы іске асыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, министр азаматтық қоғамды дамыту саласы бойынша, атап айтқанда: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ҮЕҰ-ны қаржыландыру; волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру; волонтерлердің фронт-офистерін құру, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ халықаралық волонтерлік қызметті құру арқылы волонтерлік қозғалысты одан әрі дамыту, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау бойынша егжей-тегжейлі сөз қозғады. Осы орайда, «Бірінші жұмыс орны» және «Zhas Project» жобалары, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары сияқты жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларға ерекше назар аударылды. Ал іс-сапар бағдарламасының маңызды бөлігі БАҚ өкілдеріне арналған брифинг пен азаматтарды жеке қабылдау болды.  width=  width=  width= Осы брифинг пен жеке қабылдау барысында министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша халықты толғандыратын өзекті сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.